15 шілде – Халықаралық гинекологтар күні.

Сіздер күн сайын ең қымбат құндылық – әйел денсаулығын сақтауға және жаңа өмірдің дүниеге келуіне үлес қосып келесіздер. Сіздердің кәсібиліктеріңіздің арқасында мыңдаған ана бақытқа бөленіп, сәбилердің алғашқы үні естіліп, ұмытылмас сәттер жүректерде мәңгі сақталады.

Ерен еңбектеріңіз, жанашырлықтарыңыз, сабырлылықтарыңыз және мамандыққа деген адалдықтарыңыз үшін шын жүректен алғыс айтамыз.

Халықаралық гинекологтар күні құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, кәсіби табыс, отбасыларыңызға амандық және еңбектеріңізге әрдайым лайықты құрмет пен алғыс тілейміз!