Алексей Цой «Спутник V» екінші компонентімен вакцинация мерзімі неге ұзартылғандығын түсіндірді
Сондай-ақ, Денсаулық сақтау министрлігі вакцинаны жасаушылардан, РҒА академигі, Гамалея ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбургтен дозалар арасындағы аралықтың ұлғаюы иммундық жауаптың күшіне әсер етпейтінін және кейбір жағдайларда иммунитеттің жоғары белсенділігіне әкелетіні туралы ресми хат алғанын еске саламыз.
Осыған байланысты «Спутник V» екінші компонентімен вакцинация мерзімі ұзартылды. Бас санитарлық дәрігердің қаулысына сәйкес екі дозаның арасындағы аралық 21-ден 45 күнге дейін ұлғайтылды, ал жалпы «Спутник V» екінші компонентімен 90 күн ішінде вакцинациялауға жол беріледі.
Бұл ретте, қажет болған жағдайда, Қазақстан азаматтары вакцинаның бірінші компонентін алған жері бойынша өтініш бере алады және 21-ші күні екінші компонентті ала алады.
«Бұл халықты иммундауда айтарлықтай жеделдетуге мүмкіндік береді, себебі қазіргі уақытта медицина қызметкерлерінің барлық күштері вакцинаның бірінші компонентімен қамтуға бағытталған. Вакцинаның бірінші компонентін 12-14 күннен кейін енгізу антиденелер өндірісін қамтамасыз етеді және 3 аптадан кейін иммунитетті алады.
Вакциналар жеткілікті. Бірінші компонент бізге қажет иммунитетті беретінін түсіну керек. Одан әрі оны бекіту және қолданылу мерзімін ұзарту үшін екінші компонент жасалады», – деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.