Иммундау аптасы

Иммундау аптасы

2019 жылдың 25-26 сәуірінде Алматы қаласының № 176, № 162 балабақшасының тәрбиеленушілері ата-аналарымен кездесу өткізілді. Кездесудің тақырыбы балаларға, ересектерге екпенің маңыздылығын арттыру болды. Салауатты өмір салты туралы сауалдармен қатар, Құлагер қаласының Алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығының дәрігері Қазақстан Республикасының профилактикалық екпе егу ұлттық түнтізбесін көрсете отырып, түсіндірме жұмыстарын жүргізді, ата-аналардың қызығушылығын тудырған сұрақтар, сондай-ақ екпе қауіпсіздігі мен тиімділігі жөнінде көтерілді.

Вакцинация туралы қойылған бірнеше сұрақтарға үзінді келтіріп олардың жауаптарын қарастырамыз?

  • Екпенің жұмыс қағидасы:

– Екпе кезінде организмге зиянсыз антигендер енгізіледі, олар ауру тудыратын микроорганизмдердің бөлігі болып табылады. Инфекцияның бұл түрі ауруды тудырмайды, бірақ ол иммундық жүйсіне антиденелер тудыратын, Т-лимфоциттердің қорғаныш жасушаларын өндіруіне түрткі болады. Орагнизмге тірі микроб түскен кезде иммундық жүйе ауруды алдын алады.

  • Екпеге уақытша қарсы көрсетім?

– Жіті жұқпа және жұқпасыз аурулары, созылмалы аурулардың асқынуы, ішек жұқпалары.

  • Бір мезгілде бірнеше вакцинацияны қабылдау қауіпсіз бе?

– Бірнеше екпелерді бір мезгілде енгізу қауіпсіз болып табылады. Ерекшелік ретінде тек туберкулезге қарсы вакцинамен БЦЖ вакциансымен бір уақытта басқа екпе жасалмайды.