Сүйікті астана!
Сүйікті астана!🇰🇿
Біз елорданың туған күнін денсаулықтың пайдасымен атап өтеміз! Мерекелік іс-шаралар еліміздің бас қаласы – Нұр-Сұлтанда ғана емес, сонымен қатар біздің «Құлагер» медициналық орталығында да өткізіледі
Азаматтардың денсаулығы – бұл мемлекеттің денсаулығы! Денсаулық – бұл әр адамның ғана емес, бүкіл қоғамның баға жетпес шарты! 05 шілдеде саябақта гимнастикалық сағат ұйымдастырылды, себебі физикалық жаттығулардың пайдасы өте көп. Мысалы, физикалық белсенділік жүрек-қан тамырлары ауруларынан қорғайды, жүрек бұлшықеттерін күшейтеді, осылайша жүрек баяу, бірақ тиімді жұмыс істейді, қан айналымы жақсарады.
Балалар өз кезегінде таза ауада қызықты демалыс өткізіп, астана күніне арналған асфальтта сурет салу конкурсына қатысты.
Нұр Сұлтан туралы қызықты деректер:
- Нұр-Сұлтан Қазақстанда толығымен жасанды жүрек трансплантациясы жасалған алғашқы қала болды.
- «Хан Шатыр» әлемдегі ең үлкен шатыр тәрізді ғимарат ретінде Гиннестің рекордтар кітабына енді
- Қазақстанда Астана деген 25 адам тұрады
- Нұр Сулатнада ерлерге қарағанда әйелдер көп тұрады. Статистикаға сәйкес, елордада 539,5 мың әйел, 500 мың ер адам бар.