Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Сіздерді 7 мамыр — Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз!
Біздің БМСККО Құлагерде жұмыс атқарып жатқан әр азамат біз үшін құнды жұмыскер, отбасы үшін сүйікті жолдас, қомқор әке. Бар болғандарыңызға рахмет!
Қазақ қоғамында көздерінде от, жүректерінде жылу бар жігіттер, елімізге елеулі, халқымызға қалаулы азаматтар, дана да көсем ақсақалдар көп болсын! Тағы да мерекелеріңізбен, Отан қорғаушылар!