«Қарттарым-асыл қазынам!»

Бірнеше қайырымдылық акцияларын өткізу жоспарын іске асыру мақсатында біз «Сауапты іс» шарасының басталуын жариялаймыз!

23 шілде күні қарт азамматарға медициналық көмек көрсетуге бағытталған «Қарттарым-асыл қазынам!» қайрымдылық науқанына орай “Құлагер” медициналық орталығының жалпы тәжірибелік және бейінді дәрігерлері емделушілерге биохимиялық қан талдауын, көз қысымын және күретамырлық қысымды тексеру, салмақ және бой өлшеуін өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты аурудың азаюына бағытталған шаралар арқылы салауатты өмір салтын ұзарту және оның сапасын жақсарту болып табылады.

2020 жылға қарай тарихта алғаш рет 60 жастан асқан адамдар саны 5 жасқа дейінгі балалар санынан асады. 2050 жылға қарай 60 жастан асқан ғаламдық халық саны қазіргі уақытта 841 миллион болса, 2 миллиард адам болады деп болжануда.

Денсаулық сақтау жүйелері егде жастағы адамдардың өмір сүру сапасына қатты әсер ететін созылмалы аурулардың алдын-алу үшін тиімді стратегияларды жүзеге асыру үстінде.