Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құттықтау cапары

Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құттықтау cапары

Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 74 жылдығын мерекелеу қарсаңында, белгіленген дәстүр бойынша құттықтау сапарымен, «Құлагер» БМСККО қызметкерлері Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен еңбеккерлеріне тиісті назар аударып және артериялық қысымын өлшеп, қандағы глюкоза және холестирин деңгейін анықтап медициналық тексеру өткізді.

Поликлиниканың қызметкерлерін қарсы алған ардагерлер өздерінің жасаған жауынгерлік батырлықтары, өткен жолдары туралы айтып, Ұлы Отан соғысы туралы естеліктерімен бөлісті. Біз әрдайым ардагерлерге қолғабыс етуге тырысамыз, біздің назарымыз – батырлық пен бүгінгі бейбіт аспан үшін шағын алғыс.