Ана мен баланы қорғауға МӘМС-тен қанша қаражат жұмсалды?
ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ 2023 ЖЫЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТУРАЛЫ ЕСЕП БЕРДІ
Ана мен баланы қорғауға МӘМС-тен қанша қаражат жұмсалды?
❗️Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры медициналық көмекті қаржыландыру бойынша 2023 жылдың қорытындысын шығарды. Осыған бірнеше есеп арналады.
🤰🏻Алғашқысы ана мен баланы қорғау саласындағы медициналық қызметтерге қатысты.
💢 Қор сарапшыларының есебінше, былтыр МӘМС қаражатынан жүкті әйелдер мен босанған әйелдерге медициналық көмек көрсетуге 169 млрд теңге бағытталған.
☝️ Орташа есеппен алғанда бір әйелге 433 мың теңгеден келеді. Бұдан бөлек, ЭКҰ-ның 7 мың ем-шарасын жүзеге асыруға 8,1 млрд теңге бөлінді.
↪️ ЖҮКТІЛІКТІ ЖҮРГІЗУ ЖӘНЕ СКРИНИНГТЕР
▶️ 2023 жылы жүкті әйелдерге дәрігерлердің бақылауымен байланысты 12,2 млн қызмет көрсетілді. Бұл зертханалық және диагностикалық зерттеулер, скринингтер және басқа да қажетті медициналық қызметтер.
☝️ Осыны қаржыландыруға МӘМС бойынша жалпы 31,2 млрд теңге қарастырылды. Олардың төрттен бір бөлігі іштегі сәбидің ауруларын ерте диагностикалау үшін пренатальды скринингтік қызметтерге бағытталды.
↪️ ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ
▶️ Фертильді жастағы 35,4 мың әйелге темір тапшылығы анемиясын емдеуге арналған препараттар берілді. Осыған 57 млн теңге жұмсалды. Айта кетерлігі, МӘМС бойынша іштегі сәбидің туа біткен ақауларының алдын алу үшін дәрі-дәрмектерді қаржыландыруға 87 млн теңге қарастырылған.
↪️ БАЛА ТУУ
▶️ 100,4 млрд теңге акушерлік бейіндегі тәулік бойы және күндізгі стационарларда 636 мың әйелді емдеуге жұмсалды.
☝️ Олардың жартысына жуығы босану қызметтерін көрсетті. Перинаталдық кезең аурулары бар 79 мың жаңа туған нәрестеге ем қажет болды. Осыған 37,4 млрд теңгеге МӘМС жүйесі есебінен қаржыландырылды.