Ауруларды басқару бағдарламасы

«Құлагер» орталығының созылмалы жұқпалы емес аурулармен , мысалы қант диабеті, созылмалы жүрек ауруы, артериалды гипертензиямен ауыратын науқастар дертті бақылауға алып, асқынудың алдын алып, денсаулығын өз бетінше бақылауға үйренеді.

Созылмалы жұқпалы емес аурулардыдың асқынып кетуіне темекі шегу, ретсіз тамақтану, ішімдік, төмен физикалық белсенділік секілді әдеттер және әлеуметтік жағдайлар әсер етеді. Физикалық белсенділігі төмен адамдарда созылмалы инфекциялық емес аурулар физикалық белсенді өмір салтын жүргізетін адамдарға қарағанда 1,5-2,4 есе (орта есеппен 1,9 есе) жиі дамиды. Созылмалы жұқпалы емес аурулардың алдын-алу және денсаулықты нығайту үшін үлкен бұлшықет топтарының тұрақты ырғақты жиырылуын қамтамасыз ететін физикалық жаттығулар қолайлы: жаяу жүру, жүгіру, велосипед, жүзу, шаңғы тебу және т.б.

Таза ауада жасалатын жаттығулардың пайдасы зор, бұл туралы ауруларды басқару бағдарламасының қатысушылары біледі, сондықтан олар “Гүлдер” саябағында жүйелі түрде осындай жаттығуларды өткізеді.