Демалысқа арналған дәрі қобдишасы: өзіңізбен бірге не алуыңыз кере

Керек кезде белгілі дәрі-дәрмектің қолыңызда болмауы демалысыңыздың сәнін әбден кетіруі мүмкін. Біз сіздер үшін демалыста қажет болатын дәрі-дәрмектер тізімін дайындап қойдық, олардың біразын сіз дәріханада өз еркіңізбен таңдай аласыз.

  • Ішек улануы/инфекциясына қарсы препараттар

Жүректің айнуы, диарея және улануға қарсы: жүректің айнуы және диарея кезіндегі су және тұз балансын қалпына келтіретін дәрілер, жүректің айнуына қарсы дәрілер, энтеросорбенттер, ішекке арналған пробиотиктер.

  • Қызуды түсіретін дәрілер

Ибуклин, Парацетамол немесе Нурофен

  • Ауырсынуды басатын дәрілер

Бас ауруын да, бұлшықеттің ауырсынуын да кетіре алатын әмбебап препараттар.

  • Антигистаминды дәрілер

Аллергияға жиі шалдықпасаңыз да, жаңадан келген жерде сіздің ағзаңыз тамақтан басталып, жәндіктермен аяқталатын кез келген нәрсеге жауап қайтаруы мүмкін.

  • Жарақаттанып қалсаңыз

Жарақатты жуып-шаятын сутек пероксиді немесе хлоргексидин, зарарсыздардырылған таңғыш, пластырь.

  • Тұмауға қарсы тамшылар және құлақ пен көзге арналған антибактериалды тамшылар.
  • Күн сәулесінен және күйіп кетуден қорғайтын кремдер

Алғашқы күндерге қорғаныс деңгейі жоғары күннен қорғайтын кремді немесе спрейді алыңыз, содан кейін біртіндеп SPF 50 жеңілдеу түріне ауыса аласыз. Бұл орайда жақсы көмек бере алатын препартата: пантенол, бепантен.

Ең бастысы- дәрі-дәрмектер сізге жанама әсерлер немесе аллергиялық реакция тудырмауы керек.