Емхананы еркін таңдау
Құрметті Жетісу ауданының тұрғындары! Сәздерді біздің БМСККО Құлагерге тіркеуге тұруға шақырамыз! 15 қыркүйектен бастап 15 қарашаға дейін елімізде емхананы еркін таңдау науқаны өтуде.
Қарапайым нұсқаулықты орындап, egov.kz порталы арқылы емханаға тіркелуге өтінім беруге болады. Ол үшін:
• egov.kz порталында авторизациядан өтіңіз;
• Басты бетте: Азаматтарға > Денсаулық сақтау > Медициналық көмек бөлімін таңдаңыз;
• «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымға бекіту» қызметін таңдап, онлайн өтінім беріңіз;
• Өзіңіз тұрып жатқан аймақ, тіркелгіңіз келетін медициналық ұйым, тіркелу себебі мен медициналық қызметкерді таңдаңыз;
• Өтінім нәтижесі 1 күн ішінде жеке кабинетіңізге жіберіледі.
🚑 Емхананы еркін таңдау мүмкіндігі барлық қазақстандықтарға консультациялық-диагностикалық қызметтерге жолдаманы, кез келген жоспарлы медициналық көмекті және т.б. медициналық көмек түрлерін алуға құқық береді.