Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу аясындағы алдағы жаңалықтарды нақтылау жұмыстары жалғасуда.
Сонымен, 6 шілдеде Орталық қызметкерлері Гүлдер саябағының аумағында ұйымдастырылған Астана күнінің құрметіне «Ұлы дала Елордасы» мерекелік іс-шарасында сақтандыру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мемлекет МӘМС жүйесінде жарналарды кімге төлейді?
Азаматтардың келесі санаттары жарналарын мемлекет төлейді:
1) балалар;
2) жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер;
4) осы тармақтың 5 тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, үш жасқа толмаған баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам (баланың заңды өкілдерінің бірі);
5) жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (-ларды) асырап алуға, баланы (балаларды) үш жасқа толғанға дейін күтуге байланысты демалыста жүрген адамдар;
6) мүгедек баланы күтуге байланысты жұмыс істемейтін адамдар;
7) бала кезінен бірінші топтағы мүгедекке күтім жасайтын азаматтар;
8) зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
9) қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде сот үкімімен жазасын өтеп жатқан адамдар (ең төменгі қауіпсіздік жағдайларын қоспағанда);
10) тергеу изоляторларында ұсталатын адамдар;
11) мүгедек оралмандар;
12) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Ана геройы» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталған көп балалы аналар;
13) мүгедектер;
14) орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарында, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі білім алушылар;
15) жұмыс істемейтін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар.