Патронаждық қызмет

29 шілдеде жалпы тәжірибе дәрігерлері «Құлагер» БМСКК орталығының ең кішкене емделушілерінің жүйке-психикалық дамуын тексеріп шықты.

Балалардың жүйке-психикалық дамуын тексеру олардың денсаулығын және денесінің дамуын анықтау барысында аса маңызды сипаттамаларының бірі болып табылады.
Патронаждық қызмет көрсетуге, басқа мәселелермен қоса, сонымен қатар, ата-аналарға баланы бағу, оның психикалық дамуы бойынша кеңестер беру, скрининг өткізудің және дамуы тежелуі мүмкін балаларға дер кезінде жөндеу-дамыту көмегін көрсету қажеттілігін түсіндіру кіреді.

Алғашқы медициналық-санитарлық қызметінің учаскелік медициналық қызметкері баланы үйінде бірінші патронаж жасау барысында «Жүйкелік-психикалық дамуының бұзылуларын болжау скринингі» деп аталатын скринингтік тексеру өткізеді.

Өмірдің дәп алғашқы жылдарында дененің даму бағдарламасы анықталады, оның қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігі мен жүйке-психикалық және физикалық даму деңгейі қалыптасады.

«Құлагер» БМСКК орталығының дәрігерлері қабылдауды қорытындылап, балалардың ата-аналары үшін балалардың келесі жас кезеңіне уақтылы және үйлесімді дамуын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар мен кеңестер жасады.