28 шілде — Дүниежүзілік гепатитпен күрес күні
Вирустық гепатиттер ұзақ уақыт бойы ешқандай белгісіз өтуі мүмкін. Дегенмен, мына белгілерге назар аударған жөн:
* әлсіздік және тез шаршау;
* тәбеттің төмендеуі, жүрек айнуы;
* оң жақ қабырға астындағы жайсыздық немесе ауырсыну;
* зәр түсінің қоюлануы;
* тері мен көздің сарғаюы.
Денсаулығыңызды қорғау үшін жеке гигиена ережелерін сақтап, вирустық гепатиттерге уақтылы тексеріліп тұрыңыз. Белгілер байқалған жағдайда дәрігерге жүгініңіз.
Есіңізде болсын: ауруды дер кезінде анықтау ауыр асқынулардың алдын алуға көмектеседі.
