Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі – денсаулық сақтау саласындағы мүдделерді әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік деңгейдегі жүйесі.
Бұл жүйе Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік мәртебесіне, тұрғылықты жеріне және табысына қарамастан әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры есебінен медициналық көмекке және дәрі-дәрмекке тең қол жетімділікке кепілдік береді.
Қазақстан Республикасында МӘМС моделін таңдауда қай елдердің тәжірибесі ескерілгені және басқа да көптеген жайттар туралы 19 шілдеде Құлагер шағын ауданындағы және жақын маңдағы бірқатар көшелердегі «Құлагер» денсаулық сақтау және қауіпсіздік орталығының қызметкерлері айтты.
✅ Сонымен, әлемдік тәжірибе денсаулық сақтау жүйесі ұқсас елдермен жұмыс істеген дүниежүзілік банк және денсаулық сақтау саласы мамандарының көмегімен зерттелді. Қазақстан Республикасындағы сақтандыру моделі классикалық неміс моделінің, Ресей Федерациясының (елдің реттеу саласы мен менталитетіне жақын), Литва мен Шығыс Еуропа елдерінің – Словакия, Чехия, Польша тәжірибелерінің негізінде қалыптасты: денсаулық сақтау жүйесінің осы постсоциалистік елдерде ұйымдастырылуы өте ұқсас.