Скрининг: кім және қай жаста тегін тексеруден өте алады?

Көптеген аурулар бастапқы кезеңінде белгісіз өтеді. Скрининг ауруларды ерте анықтауға мүмкіндік береді.
👩⚕️ «Құлагер» МСАК орталығының дәрігері Дариға Оналбекова скринингтен өту тәртібі туралы айтып берді.
🔹 40–76 жас — артериялық гипертония, жүректің ишемиялық ауруы, қант диабеті және глаукома.
🔹 40–76 жастағы әйелдер — сүт безі обыры.
🔹 30–74 жастағы әйелдер — жатыр мойны обыры.
🔹 50–76 жас — колоректалды обыр.
🔹 50–76 жастағы ерлер — ми қан айналымы бұзылыстарын ерте анықтау.
🩺 В және С гепатиттеріне тексеру тәуекел топтарына жүргізіледі.
Онкологиялық скринингтер медициналық сақтандыру мәртебесіне қарамастан тегін.
📍 Скринингтен өту үшін емханаңызға хабарласыңыз. Көп жағдайда медицина қызметкерлері пациенттерді тексеруге өздері шақырады.
«Ауру белгілерінің пайда болуын күтпей, денсаулығыңызды уақытылы тексеруден өткізіңіз», – дейді Дариға Оналбекова.