Құлагер БМСККО қызметкерлерінен тұратын мобильді бригадалары COVID – 19-ға екпені тұрғындардың үйлеріне барып салуда
❗️Құлагер БМСККО қызметкерлерінен тұратын мобильді бригадалары COVID – 19-ға екпені тұрғындардың үйлеріне барып салуда.
Бірінші кезекте, өз бетінше қозғалу қиындықтары бар адамдар мен күрделі созылмалы аурулары бар адамдар.
Хаттамаға сәйкес вакцинацияланушыны вакцинациядан бұрын дәрігер қарайды және егер қарсы көрсетілімдер болмаса вакцинация жүргізіледі. Вакцинациядан кейін 30 минут вакцинацияланған адам дәрігерлердің бақылауында болады.
Вакцина температуралық режимді қатаң сақтауды ескере отырып, вакцинация жүргізілетін жерге жеткізіледі.