Миссиясы мен құндылықтары

Миссиямыз:

Заманауи диагностикалық, емдеу-алдын-алу және медициналық-әлеуметтік технологиялары негізінде, пациенттердің мұқтаждылықтарын дұрыс қанағаттандыратын, жоғары сапалы медициналық көмек көрсету.

Пайымдауымыз:

«Құлагер» БМСКҚО -бәсекеге қабілетті, жылдам қарқынмен дамып келе жатқан, денсаулық сақтау саласында инновациялық бағдарламаларды ендіруге негізделген сапалы және қол жетімді медициналық көмек көрсететін ұйым. Мемлекет, жұмыс беруші мен халықтың бірлесіп отырып адамның денсаулығына ортақ жауапкершілік принципін ендіру.

Біздің девизіміз:

Сапа, қол жетімділік, үзіліссіз және қауіпсіздік – біздің адамдарға.

Мақсатымыз:

Халықтың денсаулығының негізгі көрсеткіштерін жақсарту, халықаралық стандарттарға біртіндеп жақындау.

Міндеттер:

  • Әлеуметтік маңызы бар аурулардың деңгейін жыл сайын төмендету;
  • Демографиялық жағдайды жақсарту;
  • Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету шеңберінде тегін медициналық көмектің кепілді көлемін қамтамасыз ету;
  • Орталықтың материалдық-техникалық базасын жетілдіру;
  • Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жүйесін жалпы тәжірибе дәрігерінің тәжірибесіне өту курсын жалғастыру;
  • Халықты дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етуді әрі қарай жетілдіру;
  • Кадрларды даярлау және қайта даярлау;
  • Орталықтың қызмет процестерінің жоғары нәтижелілігін және тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық технологияларды ендіру.

«Құлагер» БМСКҚО құндылықтар жүйесі

  • Пациент- басты назарда – жоғары сапалы қызмет көрсету үшін әр жеке алынған пациенттің қажеттілігін бағалау. Пациенттің жеке басын және ар-намысын құрметтеу.
  • Пациенттің қауіпсіздігі – сапалы медициналық көмектің аса маңызды компоненті . Оның мақсаты – пациенттерге емдеу барысында келтірілетін зиянды барынша азайту. Денсаулық сақтау Дүние жүзілік ұйымының анықтауы бойынша, медициналық көмек сапасы ретінде, жеке адам мен популяцияға көрсетілетін медициналық қызметі денсаулыққа қатысты тиімді нәтижені көбейтетін, ағымдағы мамандандырылған білімдерге сәйкес келетін дәреже болып саналады.
  • Жауапкершілік – жариялаған принциптер мен жоғары стандарттарды ұстану, пациенттермен қарым-қатынастарда және ұжымның ішінде жоғары деңгейдегі сенім мен адалдық таныту.
  • Алқалылық – әрдайым өзін-өзі талқылау мен бірлесіп жұмыс істеу, сонымен қатар жауапкершілік және жұмыс көлемінің теңбе-теңдігі негізінде сену жүйесін құру.
  • Ашықтық – жеке адамдар мен ұжымдық іс-әрекеттерде тазалық, адалдық принциптерін бұлжытпай ұстау.
  • Кәсібилік – әрдайым дамып, оқуға негізделген, өзінің барлық жақсы білімдерін, мүмкіндіктері мен тәжірибесін пациент пен ұжымның игілігі үшін жоғары нәтижеге жетуге бағыттау.