Комплаенс-офицер М. Еділқызының басшылығымен кәсіпорын ұжымымен нұсқаулық өткізілді
2024 жылғы 12 сәуірде Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Құлагер» алғашқы медициналық-санитарлық көмек орталығы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнында Комплаенс-офицер М. Еділқызының басшылығымен кәсіпорын ұжымымен нұсқаулық өткізілді.
Өткізілген нұсқаманың мақсаты кәсіпорын қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық сөзінің түсінігін, сыбайлас жемқорлық фактілерін көрсету жағдайындағы іс-қимыл тәртібін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілікті түсіндіру болды.
2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық-жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдардың, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың жеке өзі немесе делдалдар арқылы өздері немесе үшінші тұлғалар үшін пайда алу мақсатында заңсыз пайдалануы.
Сондай-ақ, Комплаенс-офицер кәсіпорын қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің негізгі нормаларын жеткізді. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы-Пара алу, 367 – бабы – Пара беру, сондай-ақ 368-бабы-парақорлыққа делдалдық ету.
Осы кездесуде Комплаенс-офицер қызметкерлерге пациенттермен жұмыста өте шыдамды болу, Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық нормаларын, кәсіпорын этикалық кодексін сақтау және қоғам тарапынан арандатушылыққа берілмеу қажеттігін жеткізгісі келді.