Құрметті Жетісу ауданының тұрғындары!

COVID 19 вакцинасының алғашқы компонентін салатын адамдардың арасында лотерея ұтыс ойыны тағы да болатынын қуана хабарлаймыз! Лотереяға қатысу үшін сізге 29.05.21 ж.бастап 04.06.21 ж. дейін Жетісу ауданының вакцинация орталықтарына вакцинаның бірінші компонентін алуға келу қажет. Қорытынды 5 маусым сенбі күні шығарылатын болады.

Ал енді басты және жағымды жаңалыққа көшейік! Жеңімпаз саны – 25 адам, бас жүлде – Samsung Galaxy S21, сонымен қатар 5 негізгі жүлде және 16 қосымша жүлделер болады! Ұтыс ойыны бұрынғы форматта өтеді, сіз оны менің инстаграм парақшамдағы тікелей эфирден 5 маусымда сағат 15-00-де көре аласыз! Барлығына сәттілік!