12 МАМЫР-МЕДБИКЕЛЕР КҮНІ

Күн сайын еліміздің түкпір-түкпірінде жасап жатқан орасан зор жұмыстары үшін, пандемиямен күресте қосқан зор үлестері үшін, жүздеген мың адамның өмірін сақтап қалуға көмектескендері үшін медбикелерге шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Сіздердің жанқиярлық қызметтеріңіз науқастарды тек физикалық тұрғыда сауықтырып қана қоймайды, сонымен қатар олардың өміріндені қиын сәттегі сіздің рухани қолдауыңызбен жалғасады.

Тіпті ең заманауи дәрі-дәрмектер мен медициналық технологиялар сіздің қамқорлығыңыз, мейірімділігіңіз, назарыңыз бен жан жылуыңызсыз тиімді болмас еді. Бүгінгі таңда біздің елімізде медбикелердің тұтас әскері еңбек етуде. Орта медициналық қызметкерлердің кадрлық әлеуеті 185,7 мыңнан астам маманнан тұрады, оның ішінде 2 мың мейірбикенің жоғары білімі бар. Ауылдық жерлерде 54 мыңнан астам орта буын медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Құрметті медбикелер, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Өмір сізді күн сайын пациенттеріңізге сыйлайтын жылулықпен және қамқорлықпен қоршауын және, әрине, мықты денсаулық тілейміз!