Емшектен емізу барысындаға бірнеше пайдалы сәттер

05 Тамыз 2019 ж., Құлагер алғашқы медициналық көмек көрсету орталығының педиатриялық учаскесінің медбикесі мен дәрігер-педиатры емшек емізуді қолдау тұжырымдамасын табысты іске асыру мақсатында бала емізетін аналармен, жүкті әйелдермен дөңгелек үстел өткізді. Дөңгелек үстел барысында қозғалған тақырыптар:

  • Емшекпен емізудің баланы инфекциялардан қорғауға және баланың қалыпты психикалық дамуына маңызы
  • Бала емізетін әйелдің денсаулығына бала емізудің әкелетін пайдасы
  • Әр әйел бала емізе алады ма?
  • Сүт алмастырушы жасанды қоспаның зины
  • Бала емізетін ана емшекпен емізу кезінде тағамдық қоспаларды (витаминдер, минералдар) қабылдау керек пе?

Емшектен емізу барысындаға бірнеше пайдалы сәттерді қарастырайық

Сәби үшін оңтайлы тамақтану

Емшек сүті –стерильді, жылы тағам, баланың ағзасы ана сүтін оңай сіңіреді және қорытады. Сәби оны күн мен түннің кез келген уақытында жеткілікті мөлшерде ала алады. Ол баланың ағзасы талап ететін ақуыз, май, көмірсу, витаминдер секілді нәрлі заттарға қажеттіліктерін толықтырып, 15-тен астам гормондар мен лактобактериялардың жақсы жетілуін қамтамасыз етеді. Ана сүті 80% судан тұрады және ол баланың суға деген сұранысын толық қанағаттандырады. Сондықтан 6 айға дейін тіпті ыстық ауа-райында бала ағзасы қосымша сұйықтықты немесе тағамды қажет етпейді.

Иммунитетті қолдайды

Емшек сүтінде болатын иммуноглобулиндер әртүрлі жұқпалы аурулардан сәби ағзасын сенімді қорғайды. Әсіресе, өмірінің алғашқы жылы.

Түрлі аурулардан қорғайды

Ана сүтін ішетін балалар жасанды тамақтандыру арқылы тамақтанатын құрдастарына қарағанда ішек инфекциялары мен тыныс алу жолдарының ауруларымен азап шекпейді. Мұндай балаларда орта құлақтың қабынуы, аллергиялық реакциялардың пайда болуы, менингит, қант диабеті, лейкоз, семіздік қаупі әлдеқайда төмен болады.

Босанғаннан кейін ананың ауырып қалу қаупін төмендетеді және ағзасының қалпына келуін тездетеді

Емшек емізу кезінде бөлінетін окситоцин жатырдың тарылуын және оның әдеттегі өлшеміне оралуына ықпал етеді, босанғаннан кейінгі қан кетуді тоқтатады. Босанғаннан кейін уақытты баласымен бірге өткізіп, баласын өзі емізетін әйелдерде босанғаннан кейінгі депрессия қаупі төмендейді. ГВ болашақта сүт бездерінде, жатыр, аналық бездерде мастопатиялар мен қатерлі ісіктердің тиімді алдын алу болып табылады. Жасын үлкен бала емізетін әйелдерде жүрек-қан тамырлары ауруларының, қант диабетінің, остеопороздың пайда болу қаупі әлдеқайда төмендейді. Менопауза өзге әйелдерге қарағанда кеш келеді.