Ана сүті – бала денсаулығының басты кепілі!

Бұл – Құлагер алғашқы медициналық көмек көрсету орталығында 1 және 7 тамыз аралығында өтетін емізу тақырыбына арналған апталықтың басты ұраны.

2 тамыз күні біздің педиатр отбасы жоспарлау кабинетінде емізетін аналар және ана атануға дайындалып жүрген әйелдерге емізу жайлы сабақ өткізді, онда келесі тақырыптар қозғалды:

  • баланы емізу барысында оны қолда дұрыс ұстау, кеудеге қою және жалпы емізудің әдістерін үйрету
  • Түнгі уақыттағы емізудің маңыздылығы
  • Емізетін әйелдің тамақтану тәртібі және өмір салты
  • Лактостаздың және маститтің алдын алу

Ана сүті нәресте үшін ең қажетті азық болып қана қоймайды, ол сонымен қатар түрлі аурулардың алдын алу қасиетіне ие. Ана сүті баланың сау болып өсуіне қажетті қоректік заттарға және оны аурулардан қорғайтын антиденелерге бай.