Аурудың алдын алу мақсатында халықты тексеру шаралары

«Денсаулық жолы»❗

2019 жылдың 1-3 тамыз аралығында «Байсат», «Салем», «Алатау» базарларында «Денсаулық жолы» кең ауқымды акциясы аясында тұрғындар профилактикалық тексеруден өтті.

Акцияның мақсаты – медициналық қызмет көрсетуге қол жетімділікті қамтамасыз ету, аурудың алдын алу, азаматтардың денсаулығын сақтау және нығайту.✔

Сіз •қандағы холестерин мен глюкозаның деңгейін анықтау, •АИТВ және тері-венерологиялық ауруларға экспресс-тестілеуден өту, •дене салмағының индексі, •көзішілік қысымды өлшеу, •артериялық қысымды анықтау, •ЭКГ және •ФГ тексеруден өту, •мамандық дәрігерлеріне консультациялық көмек алу секілді көрсетілген қызметтермен пайдалана аласыз.

Акцияға Жетісу ауданының медицина қызметкерлері, Жетісу ауданы әкімдігінің қызметкерлері, Алматы қалалық СӨС орталығы, ЖИТС алдын алу және оған қарсы күрес орталығы, Алматы Онкологиялық орталығы, тері-венерологиялық диспансердің мамандары қатысады.

Егер сіз әлі медициналық тексеруден өтпеген болсаңыз, ертең 03 тамыз күні сізді «Алатау» базарында сағат 09:00-ден 15:00-ге дейін күтетін боламыз.❗