COVID-19 бойынша тұрғындар үшін ЖАДЫНАМА

COVID-19 – бұл коронавирус тұқымдасының соңғы табылған вирусынан туындаған жұкпалы ауру.

COVID-19 көп таралған белгілеріне дене температурасының көтерілуі, кұрғақ жөтел және әлсіздік жатады.

Сирек кездесетін белгілеріне тамакгың ауруы, буын және бұлшыкеттін ауыруы, мұрынның бітелуі, бас ауруы, диарея, дәм мен иіс сезудің жоғалуы, аяк және қол саусақтары терісінің бөртуі немесе түсінің өзгеруі, конъюнктивііт жатады. Әдетте, бұл белгілер біртіндеп дамып, әлсіз калыпта өтеді. Кейбір жұктырған адамдарда ауру өте жеңіл немесе симптомсыз түрде өтеді.

Сыркаттанғандарың көпшілігі (шамамен 80%) өздігінен калпына келеді және ауруханаға жатуға мүкдаж болмайды. Шамамен бес жағдайдың біреуінде COVID-19 ауыр түрде, тыныс алу жеткіліксіздігі және басқа да асқынулармен өтіп жатады.

Егде жастағы (карт) адамдарда, сондай-ақ ілеспелі аурулары бар адамдарда (анамнезінде жүрек және өкпе аурулары, қант диабеті, терең тамыр тромбозы, тромбоэмболия және т.б. бар) аурудың ауыр ағымы жиі кездеседі. Алайда, әрқайсысы COVID-19 жұктырып, оны ауыр түрде өткеруі әбден мүмкін.

Егер сізде COVID-19 күрделі ағымының пайда болу қаупі бар болса, сіз бекітілген жердегі емхананың учакелік дәрігеріне хабарласуыңыз керек, ол қажет болған жағдайда Сізге тексеріліп, ілеспелі ауруларды емдеуді тағайындайды.

Қүрметті Алматы түрғындары!

Өздігінен ем қабылдамаңыз! Егер Сізде жоғарыда аталған COVID-19 ауруының белгілері пайда болса, онда үйде қалып, емханамен телефон арқылы байланысыңыз. Медициналык ұйымның мобішьдік тобы Сізге үйде қызмет көрсетеді!

Қүрметпен, Алматы каласының Қоғамдық денсаулық басқармасы

ИМЦ IM| Аагмрмагы

Құрметті Құлагер ы.а. тұрғындары!

Егер, Сізде немесе отбасыңыздың мүшелерінде келесі белгілер:

  • жөтел;
  • дене температурасының көтерілуі, қалтырап дірілдеу; бас ауруы;
  • ентігу;
  • құсу;
  • диарея пайда болса

Өздігіңнен ем алмаңыз!

Бұл күрделі зардаптарға, тіпті өлімге дейін әкелуі мүмкін.

Үйде болыңыз!

«Құлагер» БМСККО байланыс орталығына хабарласыңыз

  • Саіі-орталықтың нөмері: 8-708-129-68-08,384-74-43
  • Пациенттерді қолдау қызметі нөмері: 384-72-54
  • Сенім телефоны: 8-708-129-68-08
  • ҚДБ Саіі-орталықтың нөмері: 3000-505
  • Алматы қ. КДБ БМСКК телефоны: 274-79-24

Егер Сізде дэрі-дэрмектерді үйге жеткізу жөнінде сұрақтарыңыз болса 8-708-129-68-08 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Егер өзіңізді нашар сезінсеңіз, бізге хабарласыңыз, біз Сізге көмектесеміз!

Өзіңізді қорғаңыз және сау болыныз!