“ЕКПЕ АЛ – ЖАҚЫНЫҢА ЖАНАШЫР БОЛ”

Біздің БМСККО Құлагерде 80 қызметкер жұмыс істейді. Барлығы вакцина қабылдап, 100 пайыз екпе алды. Себебі біз біріншіден вакцина өз денсаулығымыз үшін қажет екендігін, екіншіден жақындарымыз бен басқа да адамдардың өмірі үшін жауапты екенімізді толықтай түсінеміз. Сондықтан, індеттің таралуына жол бермеу үшін біз қолымыздан келгеннің барлығын жасап жатырмыз.

ҚР-ның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа жолдауында Ковид-19 вирусы күллі әлемге қарқынды түрде таралып, оған қарсы тұрудың бірден-бір жол ол екпе алу екенін атап өткен болатын. Бүгінгі күні елімізде вакцинациялау жұмыстары жалғасуда.

Құрметті қала тұрғындары, БМСККО Құлагерге келіп вакцинаның бірінші және екінші компоненттерін ала алатындарыңызды естеріңізге саламыз.

Өзіңді қорға және жақындарыңды да қауіптен сақта!