«Күнделікті ішетін суыңды дұрыс таңда!», «Дұрыс тамақтан, өркенде және дамы

Құлагер алғашқы медициналық көмек орталығының қызметкерлерімен 2019 жылдың 30 шілде күні «Денсаулық жолы» ұлттық бағдарлама аясында балалар арасында ұйымдастырған жарыстың ұраны – «Күнделікті шетін суыңды дұрыс таңда!», «Дұрыс тамақтан, өркенде және дамы» болды.

Қазіргі жас ұрпақ құмар газдалған тәтті сусындардан бастартуға дәрігерлер мен ғалымдар ондаған жылдар бойы кеңес беруде. Себебі сусынның бұл түрі денсаулыққа орны толмас зиян келтіреді.

Таңдауыңызды денсаулыққа, әсіресе бала денсаулығына пайдалы табиғи таза ауыз суыны бергеніңіз әлдеқайда дұрыс болады (орта есеппен алғанда 30 мл ауыз суы 1 кг дене салмағына).Су ағзаға пайдалы заттарды тасымалдаушы болып табылады, сонымен қатар барлық мүшелер мен маңызды рөл атқаратын жүйелердің дұрыс жұмыс атқарып сау болуын қамтамасыз етеді. Ол ағзаны шлактар мен токсиндерден тазартады, ағзаның температурасын оңтайлы күйде сақтайды, лимфа жүйесін күшейтеді, денедегі метаболикалық процестерді белсендіреді, буындардың амортизациясы мен жұмысын жақсартады, денедегі метаболикалық процестерді белсендіреді.