«Пайдалы және зиянды тағам туралы не білесіз?» танымдық ойыны

2015 жылдың 31 шілдесінде Құлагер алғашқы медициналық көмек көрсету орталығының қызметкерлері «Денсаулық жолы-2019» ұлттық бағдарламасы аясында іс-шаралар жоспарын жүзеге асыруды жалғастыру мақсатында, 7-10 жас аралығындағы балалар арасында «Пайдалы және зиянды тағам туралы не білесіз?» тақырыбында танымдық ойындар ұйымдастырды. Себебі бұл жылдары баланың тамақтану тәртібінің негізі қаланады. Бұл танымдық ойынды өткізудің мақсаты балалардың пайдалы және зиянды тағам туралы түсінігін дамыту арқылы «дұрыс» тамақтану тәртібін қалыптастыруға ықпал ету болып табылады. Ал бала барлық жаңа дүниеге аса үлкен қызығушылық танытатындықтан біздің қызметкерлеріміз танымдық мәліметтерді танымдық ойындар арқылы жақсы жеткізе білді