Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Құрметті емделушілер, қадірлі әріптестер, қала тұрғындары мен қонақтары!

Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Біз 2021 жылды — қуанышы мен қиындығы қатар жүрген жылды шығарып салғалы жатырмыз. Бірақ ортақ күш-жігерімізбен біз көптеген маңызды міндеттерді шешіп, алға жылжыдық. Бүгін барлық әріптестерімізге орасан зор еңбектері үшін үлкен рахмет айтқымыз келеді!
Жаңа жыл – бұл отбасымен және достарымен атап өтілетін сиқырлы мереке. Бірақ біздің мамандығымыз үлкен жауапкершілікті талап етеді, сол себепті аурухананың кей қызметкерлері жаңа жыл қарсаңында жұмыс орнында өз міндеттерін орындайды. Сіздерге жаңа жылда барлық жақсылықтарды тілейміз, жақындарыңыз сіздерді әрқашан түсініп, қолдап, жандарыңыздан табылсын.
Сонымен қатар емделушілерімізді де құттықтағымыз келеді. Өмірлеріңіз махаббат пен қамқорлыққа толы болсын. Ең бастысы – дендеріңіз сау болсын. Өйткені, денсаулық — ең құнды дүние. Біз өз кезегімізде және жаңа жылда сіздің денсаулығыңызды сақтау үшін бар күшімізді салатын боламыз.
Келе жатқан 2022 жылы Сіздің барлық үміттеріңіз бен армандарыңыз орындалсын! Сізге жақсылық, бақыт және денсаулық тілейміз!

Ізгі ниетпен тілек білдіруші БМСККО Құлагер