Ультраөңделген өнімдер: денсаулыққа төнетін жасырын қауіп

Ультраөңделген өнімдердің құрамында қант, тұз, қаныққан майлар және түрлі жасанды қоспалар көп болады. Оларды жиі тұтыну денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін.

Мұндай өнімдерді шамадан тыс тұтыну артық салмақ пен семіздікке, қант диабетіне, жүрек-қантамыр ауруларына, ас қорыту жүйесінің бұзылыстарына және қатерлі ісіктің кейбір түрлерінің даму қаупінің артуына әкелуі мүмкін.

Денсаулықты сақтау үшін газдалған сусындар, чипстер, тәттілер мен жартылай фабрикаттардың орнына көкөністерді, жеміс-жидектерді, жаңғақтарды, табиғи сүт өнімдерін және үй жағдайында дайындалған тағамдарды таңдаңыз.

Тұтас және аз өңделген өнімдер – дұрыс тамақтанудың негізі!