Жетісу аудандық санитариялық- эпидемиологиялық бақылау басқармасы хабарлайды:

ҚЫЗЫЛША ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ Қызылша – қоздырғышы аспирациялық механизмімен берілетін, қалтыраумен, дақты-папулалық бөртпенің кезеңді пайда болуымен, конъюнктиваның және жоғарғы тыныс алу жолдарының зақымдалуымен сипатталатын антропоноздық жіті респираторлық вирустық ауру. Қызылша басқа инфекциялардан жоғары контагиоздылығымен және тез таралуымен ерекшеленеді. Қызылшаның жасырын кезеңі 9-17 күнді құрайды, бірақ 21 күнге дейін созылуы мүмкін. Инфекция көзі-сыртқы ортаға вирус шығаратын ауру адам. Науқас адам симптомдар пайда болғанға дейін жасырын кезеңнің соңғы 2 күнінде және терідегі бөртпелер пайда болған сәттен бастап 4 күнге дейін аса жұқпалы. Пневмония түріндегі асқынулар дамығанда вирустың бөліну мерзімі артады. Қызылшамен кімдер ауырады? Қызылша ауруымен ауырғандардың 98% – ы осы инфекцияға қарсы егілмеген және екпелер туралы мәліметтері жоқ, көбінесе балалар, бірақ ересектер де осы жұқпаға бейім. Ұйымдасқан ұжымдарда қызылша топтық ауруларының пайда болу қаупі өте жоғары. Табиғи қызылша инфекциясынан кейін тұрақты иммунитет қалады. Қызылша ауруымен ауырмаған және оған қарсы егілмеген адамдар өмір бойы қоздырғышқа жоғары сезімтал болып қалады және кез келген жаста ауырып қалуы мүмкін! Берілу жолдары: түшкіргенде, жөтелгенде немесе әңгімелесуде ауа-тамшылы жол арқылы беріледі, тіпті қысқа уақыт байланыста жұқтырылуы мүмкін. Қызылша вирусы жабық бөлмелерде тез тарайды, көршілес дәліздерге еніп, басқа қабаттарға желдету құбырларымен қозғалады. Вирус сыртқы ортада өледі, қыздыру, ультракүлгін сәулелендіру кезінде, дезинфекциялау құралдарының әсерінен өз белсенділігін жоғалтады, бірақ жоғары ұшуы бар, сондықтан қызылша қауіпті «ұшпалы» инфекция деп аталады. Қызылша ауыр асқынулармен қауіпті: қызылша пневмониясы, менингит, энцефалит, обструктивті бронхит, ларингостеноз және т.б. Қызылша терідегі дене қызбасы және бөртпемен шектелмейді, әр түрлі ішкі органдарға әсерімен ұзақ ауыр ағымға ие болуы мүмкін, оңалтудың ұзақ кезеңін талап етуі мүмкін. Естеріңізде болсын! Екпе алу – балаңызды қызылшадан қорғаудың ең сенімді әдісі! Қызылшаның арнайы алдын алуы – қызылшаға қарсы екпе алу. Жоспарлы егулер жүргізіледі: – 12-15 айдағы балаларға; – 6 жастағы балаларға . Жоспардан тыс екпелер жүргізіледі: – 6 қарашадан бастап 6-11 айлық балалар қосымша жаппай вакцинациялау (ЖБҚ), ал желтоқсаннан бастап қызылшаға қарсы вакцинация статусына қарамастан 2-4 жас аралығындағы балаларды вакцинациялау жүргізіліп жатыр. -қызылшамен және қызамықпен ауыратын науқаспен тығыз байланыста болған 30 жасқа дейінгі және эпидемиялық паротитпен ауыратын адаммен тығыз байланыста болған 25 жасқа дейінгі, егілмеген, егілгені туралы деректері жоқ немесе осы инфекцияға қарсы вакцинацияның екінші дозасын алмаған адамдарға қызылша, қызамыққа және эпидемиялық паротитке қарсы моновакцинамен екпе алынады. Қызылша вирусының таралуын шектеуге мүмкіндік беретін іс-шаралар: * Науқас бөртпе басталғаннан 4 күнге дейін өз бөлмесінде қалуы тиіс * Егер науқастың шығу қажеттілігі болса, ауыз бен мұрынды жабатын бір реттік маска кию керек. * Науқасқа қамқорлық жасауды ауырып қалған немесе егілген отбасы мүшесі өзіне алған жөн. * Науқасқа жеке ыдыс-аяқ пен сүлгіні бөліңіз. * Күнделікті мұқият ылғалды тазалау және бөлмені міндетті түрде желдету қажет . Қорытындылай келе, егер сізде немесе балаңыздың дене қызуы көтерілсе, мұрын, жөтел және бөртпе пайда болса, дереу дәрігерге жүгініңіз. Қызылшаны дер кезінде емдеу – сізді қауіпті асқынулардан қорғайды.