«Зиянды тамақ туралы» әңгіме

Бүгін, 29 шілдеде «Құлагер» БМСКК орталығының қызметкерлері №176 бала-бақшада бақшаның тәрбиеленушілері үшін «Денсаулық жолы-2019» Ұлттық бағдарлама шараларын орындау барысында, «Зиянды тамақ туралы» деп аталатын қызықты және сонымен бірге өте пайдалы әңгіме оқып берді. Ол жерге ата-аналар да жиналды, олар үшін салауатты өмір салты дәрігері Кадыргалиева Р.О. «Баланың және бүкіл отбасының дұрыс тамақтануы» тақырыбын талқылап, жиналыс өткізді.

Денсаулығымызды ойламай, бәріміз жей беретін зиянды тамақтар қазіргі кезде әр түрлі жастағы адамдар арасында кең өріс алып келеді.

Мына тамақтарды жеуден бас тартыңыз, немесе күрт азайтыңыз: •майлы, қуырылған тамақтар • тез дайындалған тамақтар (фастфуд)• газдалған сусындар •кондитерлік тәтті тағамдар, нан-тоқаштар• шұжықтар •консервілер •чипсілер •көшеде пісірілген тамақтар •трансмайлар • ГМО (генетикалық модификацияланған организмдер) қосылған тамақтар• тамақтағы Е-қоспалар.

🥒🥙🥦🥚🌽🥕🍚🥩🍲🍅🍆✔️

Шикі көкөністерді, жемістерді, жасыл шөп қоспаларын көбірек жеңіз, таза суды көп ішіңіз, май қолданбай қайнатылып пісірілген немесе бұқтырылған тамақтарды жиірек жеуге тырысыңыз, бидайдың қатты сұрыптарынан жасалған макарон өнімдерін сатып алыңыз, өз тамағыңызда әр түрлі жарма мөлшерін көбейтіңіз.

Орыстың мәтелі бар – «Сіз не жейсіз, сондай адам болып табыласыз!» («Ты есть то, что ты ешь»!) – Бұл мәтелде бір қарағанда көрінбеуі мүмкін терең мағынасы бар. Дұрыс тамақтаныңыз және деніңіз сау болсын!