Благодарственное письмо

В честь предстоящего праздника Международного дня медицинской сестры, пациентка «Центра ПМСП «Кулагер» 5-участка, Мадымухамбетова Клара Төлендіқызы написала благодарственное письмо сотрудникам центра.

В свою очередь, хотим поблагодарить Клару Төлендіқызы за столь приятные слова, за то, что цените нашу работу.

Орфография и пунктуация автора сохранены.

_____________________

Алғыс хат

Медбикелерге Ардақты ақ халатты абзал жандар! Сіздерді кәсіптік мерекелеріңіз- медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан аршалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрметтеген. Адам өміріне арашашы абзал жандарды төл мерекелерімен құттықтай отырып, отбасыларына амандық, дендеріне саулық тілей отырып, кәсіби біліктіліктеріңіздің арқасында биік асулардан көріне беріңіздер деген тілегімізді білдіреміз. Әсіресе лаборант Сырдаулетова Эльмира Басқанбаевнаға, тіркеу бөлімінің қызметкерлері Толендиева Галия Кыдырбаевнаға және Ибдиминова Фарида Турсуковнаға, медбикелер Алияға, Индираға, Алмагүлге, Кәмшәтқа, Айжанға алғысымыз шексіз. Улмекен Смаиловна сіздің басқаруыңызбен осы емхананың абыройлы да, сәтті қызмет істеуіне сіздің еңбегіңіз өте зор. Сізге де зор денсаулық, отбасыңызға бақыт, жұмысыңызға сәттілік тілейміз.

Мадымухамбетовтер отбасы Клара апай