Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бүгін Қазақ елінде мерейлі мереке. Тәуелсіздіктің төлқұжаты іспетті Конституциямыздың мейрамы. Тұғырлы тәуелсіздігіміздің , еңселі егемендігіміздің тірегі болған Ата Заңымыз сіз бен біздің құқығымызды қорғап, тең өмір сүруімізді қамтасыз етіп келеді. Еліміздің осы айтулы мерекесімен құттықтай отырып БМСКО Құлагер «Кедергісіз келешек» атты «NurOtan» партиялық жобасының аясында, ашық есіктер күні екенін айта отырып, мүмкіндігі шектеулі жандардың үйіне барып, артериялық қысымын және көздің ішкі қысымын өлшеп, профилактикалық медициналық тексерулер, алдын алу жұмыстарын жүргізіп, кiшiгiрiм сыйлықтар берілді. Конституция күнімен тұспа-тұс келген жаңа оқу жылының басталуына орай, үйде оқытылатын балапандарға оқу жылы қызықты да әсерлі болып басталсын деп, қызықты кітаптар сыйланды.

Еліміздің ең басты мерекелерінің бірі — Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Осы бір шуақты күні әрбір Қазақстан Республикасының азаматына отбасы амандығын, мықты денсаулық пен ашық аспан тілейміз!