«Nur Otan» партиясының төрағаларымен кездесу өтті

Алматы қ. ҚДБ ШЖҚ «Құлагер» БМСККО» КМК орналасқан «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлімінде емделушілерден келіп түскен мәселелер мен ұсыныстар қарастырылып, оларды шешу жолдарын ұсыну жұмыстары, және денсаулық сақтау саласын жетілдіру мақсатында азаматтардың өтініштері мен сұрақтары дер кезінде қолға алынып қарастырылады.

18 желтоқсан «Nur Otan» партиясы Жетісу аудандық филиалының төрағасы Қиқымов Мақсат Сәкенұлы, «Nur Otan» партиясы Жетісу аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Омаров Мұрат Сагатович, бастапқы медико-санитарлық көмек көрсету орталығын ресми сапармен қоғамдық қабылдау бөлімінін жұмысын бағалады.

Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Nur Otan» партиясы қайта жүктеу жұмыстарының жүзеге асырылуы, мемлекеттік және партиялық бағдарламаларының және партиялық жобаларының орындалуын талқылады.